«Бөбек kids» жеке бөбекжайы
Баланың бақытты балалық шағы – біздің басты міндетіміз
“Бөбек kids” жеке бөбекжайы 2022 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастап, бүлдіршіндерге мейірім мен қамқорлыққа толы есігін ашты.
Бөбекжайымыз 48 балаға арналған, бұл әр балаға жеке көңіл бөліп, сапалы тәрбие мен білім беруге мүмкіндік береді. Біз үшін әрбір бала – қайталанбас тұлға, сондықтан олардың қабілетін ашу мен дамытуға ерекше мән береміз.
Біздің басты мақсатымыз – балаларға қауіпсіз, жайлы әрі бақытты орта қалыптастыра отырып, олардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау.
- «Бөбек kids» бөбекжайында:
- Білікті әрі мейірімді тәрбиешілер
- Қызықты оқу іс-әрекеттері
- Шығармашылық және дамытушы ойындар
- Қауіпсіз және таза орта ұйымдастырылған
Біз ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, әр баланың жетістігін бірге қуанып, сенім мен ашықтыққа негізделген қарым-қатынас құрамыз.
“Бөбек kids” – балаңыздың бақытты балалығы мен жарқын болашағына жасалған алғашқы қадам!