Бөбекжайымызда табиғатты қорғау мен аға ұрпаққа деген құрметті ұштастырған ерекше шара өтті. «Атадан – жасыл мұра» атты іс- шара аясында ардақты аталарымыз немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды.
Іс – шараның мақсаты – табиғатты аялауға баулу, үлкенге құрмет, кішіге өнеге көрсету. Аталар балаларға ағаш отырғызудың маңызын түсінідіріп, әр көшеттің жерге дұрыс отырғызылуын көрсетіп, бірге еңбек етті.
Балалар үшін бұл тек ағаш отырғызу емес, ұрпақтар сабақтастығын сезінген әсерлі сәт болды. Қолдарына күрек ұстап, аталарымен бірге топырақмен жұмыс істеген балақайлардың жүзінде қуаныш, аталардың жүзінде мақтаныш көрінді.
Бұл игі іс – болашаққа жасалған қамқорлық, жерге егілген сауапты еңбек.
«Бөбек kids» жеке бөбекжай әдіскері
Арайлым Нұрлыбекқызы Әубекер