Жүгіру жолы
Кіру
too_bobek_kids bobek.bobekjai
AA+
Зашаған кенті, Отаралы Бүркітов, 1
87078845241
87476980106
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Бөбек kids» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бөбек kids» жеке бөбекжайы

«Адал азамат» жобасы аясында ұйымдастырылған «Қыс қызығы» апталығының «Көңілді старт» эстафеталық жарысы ерекше көңіл күйде өтті.

Іс-шара барысында балалар түрлі қимылды ойындар мен эстафеталық тапсырмаларға белсенді қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Командалық жарыс балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа және достыққа баулыды.

Жарыс өте көңілді әрі тартысты өтті. Бүлдіршіндер жарыс барысында көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бір-біріне қолдау көрсетті. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, ерекше әсер алды.

Осындай спорттық шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың қызығушылығын арттырып, белсенді өмір салтына тәрбиелейді.