«Қыс қызығы» апталығы аясында бөбекжайымызда ата-аналардың қатысуымен ерекше әрі қызықты іс-шара өтті. Бөбекжай ауласында ата-аналар бірігіп, қардан түрлі әсем мүсіндер жасап, оларды түрлі түстермен безендірді.
Бұл шараның мақсаты – ата-аналар мен бөбекжай арасындағы байланысты нығайту, бірлескен шығармашылыққа баулу және қыс мезгілінің қызығын бірге сезіну.
Қатысушылар үлкен белсенділік танытып, әр отбасы өздерінің ерекше қиялынан туған мүсіндерін жасап шықты. Түрлі-түсті бояумен әрленген қар мүсіндері аулаға ерекше сән беріп, ертегідей көрініс қалыптастырды.
Шара барысында көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен бірлік атмосферасы сезілді. Осындай бірлескен жұмыстар ата-аналар мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсетіні сөзсіз.