Бүгін бөбекжайымызда «Қыс қызығы» атты апталықтың алғашқы күні басталды. Апталықтың мақсаты – балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және қысқы ойындардың қызығын сезіндіру.
Алғашқы күн «Қыс әлеміне саяхат» тақырыбымен өтті. Тәрбиешілер балалармен бірге қыс мезгілі туралы әңгімелесіп, қызықты ойындар ұйымдастырды. Балалар қар, аяз, қысқы табиғат туралы білімдерін толықтырып, шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын жеткізді.
Бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қыс мезгілінің ғажайып сәттерін бірге сезінді. Апталықтың келесі күндері де қызықты әрі мазмұнды іс-шараларға толы болмақ.