Бөбекжайымызда 2025 жылдың 21 қарашасында «Мамандықтар әлемі» атты қызықты кездесу өтті. Шараның мақсаты – балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру, ата-ананың еңбегін құрметтеуге баулу.
Іс-шара барысында балалар әртүрлі маман иелерімен танысып, олардың атқаратын қызметтері жайлы қызықты ақпарат алды. Ата-аналар өз мамандықтарын таныстырып, құрал-жабдықтарын көрсетіп, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз армандарындағы мамандықтар туралы айтты.
Осындай шаралар арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, еңбекке деген құрметі арта түсетіні анық.
«Мамандықтар әлемі»