Жүгіру жолы
Кіру
too_bobek_kids bobek.bobekjai
AA+
Зашаған кенті, Отаралы Бүркітов, 1
87078845241
87476980106
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Бөбек kids» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бөбек kids» жеке бөбекжайы

13 наурыз 2026  жылы қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес “Шабыт” желілік қауымдастығының “Бөбек kids” жеке бөбекжайында ерекше шығармашылыққа толы “Өнерлі өрнек” қолөнер көрмесі өтті. 
Шараның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көрмеге әр топтың тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге дайындаған түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қағаздан, табиғи материалдардан, мата мен жіптен жасалған әсем жұмыстар көрменің сәнін келтірді. Әрбір бұйымнан баланың қиялы мен ата-ананың қолдауы анық байқалды.
«Өнерлі өрнек» көрмесі барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ата-аналар мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтты.